Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Жібек жолы» бағдарламасының аясында ҚР банктері Алматының кәсіпорындарын 4 млрд теңгеге қаржыландырмақ

«Жібек жолы» бағдарламасының аясында құны 700 млн теңге болатын 19 жоба қаралуда, деп хабарлайды «Даму» қорының өкілдері.
Алматы қаласы30 Маусым , 08:53

«Даму» қоры мен Алматы қаласының әкімдігінің бірлескен қоры сауда мен қызмет көрсету саласында және «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасына енгізілмеген алматылық кәсіпорындарға қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ хабарламада номиналды сыйақы ставкаларының жылына 7 пайызды құрайтындығы айтылған, несиенің ең жоғарғы сомасы 1 адамға 180 млн теңгеден аспайды, займның мерзімі негізгі құралдарды алуға – 7 жыл, ал айналымдағы қаржыны ұлғайту үшін 3 жылға беріледі.   

Бұл бағдарламаға тек Алматы қаласында тіркеліп жұмыс істеп жатқан шағын және орта бизнес субъектілері ғана кіреді. Аталмыш бағдарлама арқылы қаржыландырылатын кәсіпкерлерге әлеуметтік жауапкершіліктер жүктелген: олар жұмысшылардың орташа жылдық санын ең кемінде 1 адамға көбейтіп отыруы керек және жұмыс орындарын қаржыландыру біткенше қысқартпайды.   

«Жібек жолы» бағдарламасы бойынша алғашқы несие азық-түлік сатумен айналысатын «Ас Маркет» ЖШС-не 45 млн теңге көлемінде берілген. Қазіргі таңда банктердің қарауында мақұлдауын күтіп құны 120 млн теңге болатын 19 жоба жатыр. Бағдарламаға Жинақбанкі, АзияНесие банкі, Capital Bank, Bank RBK, DeltaBank и Астана банкі сияқты банктер қатысуда.  

 

 

 




Яндекс.Метрика