Адами капитал

100-ден астам алматылық жас балдырған әскери қызметші кейпінде болды (Фото)

Алматыда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бригадасы 97617 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығының аумағында балалармен «Зарница» әскери-спорттық ойынын өткізді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Алматы қаласы 30 Маусым, 20:43

«Бұл ойынға Алматы қаласының әртүрлі аудандарынан жиналған 7 мен 15 жас аралығындағы 100-ден астам балауса қатысты. Кішкентай жауынгерлерге бірнеше кезеңнен өтуге тура келді. Біріншісі  «Кедергі жолағы» - ойын әскери-спорттық эстафета түрінде құрылды», - делінген хабарламада.

Балаларға шытырман жолдан шығу амалын табу, оқ-дәрілерді апару, химиялық шабуылдан құтылу, алғашқы медициналық көмек көрсету қажет болды.  Екінші кезең – «Жалауды басып алу» кезеңінде жас эрудиттер жұмбақтар мен ребустар жасырылған конверттерді алды. Сол арқылы олар өздерінің мақсаттарына жетті. «Біз аталған сайысты жас патриоттарымыз үшін өткізіп отырмыз.

Бұл акция өскелең ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру, Отанға деген махаббатын ояту және республикамыздың Қарулы Күштерінде әскери қызметтің имиджін көтеру үшін өткізіледі», - деді 97617 әскери бөлімі тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицері капитан Ермек Меңдіғалиев. Байқауды ұйымдастыру мен өткізуге 97617 әскери бөлімінің тәрбиеші офицерлері және 38-десанттық-шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері белсене қатысты. Сондай-ақ олардың қару-жарағы мен әскери техникасы қолданылды. 
 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика