Инвестициялар

Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкін құру жөніндегі келісімнің Баптарына қол қойды - ҰЭМ

Пекин қаласында (КХР) Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) 57 ықтимал құрылтайшы-ел өкілдері АИИБ құру жөніндегі Келісімнің Баптарына қол қою рәсіміне қатысты. Қазақстандық делегацияны ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарды.
Әлемде29 Маусым , 13:48

Келісім Баптарына 50 құрылтайшы-ел өкілдері қол қойды. Қалған 7 әлеуетті құрылтайшы-ел құжатқа 2015 жылдың соңына дейін қол қоюды жоспарлайды, деп хабарлады ҰЭМ.

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Келісім Баптарына қол қою рәсім аяқталғаннан кейін делегация басшыларын қабылдады.

Бұдан басқа, АИИБ-тің тараптар Арнайы министрлік кездесуіне қатысты.

2014 жылғы 24 қазанда 22 мемлекет қабылдаған АИИБ құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумды дамыту үшін Келісімнің басптарына қол қойды.

АИИБ құрудың негізгі мақсаты Азияда инфрақұрылымдық даму және әл-ауқат жағдайының өсуіне ықпал ету, сондай-ақ, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру болып табылады.

КХР Төрағасы Си Цзиньпин бастамашылық жасаған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегиясын іске асыру барысында АИИБ әлеуетін пайдалану жоспарланып отыр.

Банктің штаб-пәтері Пекин қаласында орналасады, жарғылық капиталы 100 млрд. долларды құрайды. Банк озық халықаралық даму банктерінің тәжірибесі мен практикасына негізделетін болады. АИИБ өз жұмысын 2016 жылдың басынан бастайды деп күтілуде.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика