Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ҚР Президенті 2 шілдеде Индустрияландыру картасының жаңа жобаларын іске қосу шарасына қатысады

Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады.
Астана қаласы29 Маусым , 13:24

2 шілдеде Қазақстан Президентінің қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналады. Оның аясында Индустрияландыру картасындағы жаңа жобаларды және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық нысандар құрысын іске қосу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның өндіріс тауарларының көрмесі ұйымдастырылады.

3 шілдеде өтетін жиында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның есебі тыңдалады.

4-6 шілде күндері Мемлекет басшысының Астана күніне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

8 шілдеде елімізге Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады.  

9-10 шілдеде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуы көзделген.

Сонымен қатар, Президенттің Баспасөз қызметі 3 шілдеде Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, «Президентке хат» функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика