Мәдениетті жаңғырту

Д.Мыңбай: «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы 700 жәдігер жинады

«Ұлттық музейге сый тарту» деген акцияны бастаған болатынбыз. Аталған іс-шара нәтижесінде 700-ге жуық жәдігер жиналды, деді Ұлттық музей директоры Д.Мыңбай ОКҚ брифингінде.
Астана қаласы29 Маусым , 13:27

«Биыл біз «Ұлттық музейге сый тарту» деген акцияны бастаған болатынбыз. Аталған іс-шара нәтижесінде 700-ге жуық жәдігер жиналды. Ол бұйымдардың тарихи маңызы мен құндылығы ерекше. Олардың барлығы ұлтымыздың ұлы тұлғаларының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін дүниелер. Мәселен, Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Ілияс Жансүгіров, Қаныш Сәтбаев,  Кенен Әзірбаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Әзілхан Нұршайықов  тағы басқа аттары аталмаған біртуар азаматтарға қатысты құнды жәдігерлерді ұлы тұлғалардың ұрпақтары мен жақын туыс-туғандары алып келіп, Ұлттық музейге сыйға тарты», - деді Д.Мыңбай.

Айта кетейік, 18 наурызда басталды. Акцияның мақсаты – тарихи-мәдени халықтың өзекті мәселелерін қарастыру. Мұндай жалпыхалықтық акциялар мен мерекелік іс шараларды алдағы уақыттарда да жаңаша форматта ұсынады.

Бұл шаралар бүгінгідей асылдан жасықты айыруы қиын алмағайып заманда өте қажетті.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика