Мәдениетті жаңғырту

Астанада Chitra by Newby коллекциясы ұсынылады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен британдық N.Sethia Foundation қайырымдылық қоры және Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Астана күні мен Ұлттық музейдің 1 жылдығына орай Қазақстанда тұңғыш рет «Chitra by Newby коллекциясының көрмесін ұйымдастырғалы отыр.
Астана қаласы29 Маусым , 13:06

Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған қолданбалы өнер туындыларының 1500-ден астам сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция мыңжылдықтар аралығын қамтиды.

«Chitra by Newby коллекциясын жинақтаушы – N.Sethia Groupof Companies және N. Sethia Foundation қайырымдылық қорының төрағасы  Нирмал Кумар Сетхия», - деді А.Мұхамедиұлы ОКҚ-да.

 Лондонда орналасқан Chitra by Newby коллекциясы – бұл шай тарихымен байланысты жалғыз жеке антиквариаттар топтамасы. Коллекция құрамында Еуропа, Азия және Америкада жасалған  қолданбалы өнер туындыларының  1500-ден астам  сирек және ғажап үлгілері бар. Коллекция  мың жылдық уақыт аралығын қамтиды: Сун династиясы (Х-ХIII ғғ.) кезіндегі пиалалар мен сацумалық керемет фарфор шәйнектерден бастап Викториандық дәуірдегі салтанатты шай ыдыстары мен ХХI ғасырда жасалған сәнді аксессуарларға дейін – Қытайдың Мин дәуіріне (1368-1644) жататын көкала фарфордан жасалған, күміспен безендірілген «краак» стиліндегі шәйнек, ашық теңіз толқыны түстес нефриттен жасалған, айдаһар бейнеленген пиала, Қытайдың Канси дәуіріне (1662-1722) жататын алтынмен безендірілген фарфор шәйнек, борокко стилінде Нидерландыда жасалған шәйнек (1700), алтынмен безендірілген, гелиотроптан жасалған шәйнек, алтын жалатылған күміс шәйнек пен шай табақ, Британия (1828) және т.б.     

«Chitra by Newby коллекциясынан» көрмесі Астана тұрғындары мен қонақтарын ерекше құнды жәдігерлермен таныстырып, шай ішу мәдениетінде қалыптасқан дәстүрлер туралы және осынау көне сусынның тарихынан хабардар етеді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика