Парламент

С.Дьяченко: Қазақстан мен Кубаның ынтымақтастығы даму әлеуетіне ие

Мәжілісте Палата Төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко Куба Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Серра Диаспен кездесіп, Қазақстан-Куба қарым-қатынасын нығайта түсу мәселелерін талдады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Маусым, 14:32

Vәжіліс вице-спикері Куба Қазақстанның Кариб бассейніндегі сенімді серіктесі екендігін атап, біздің еліміз алдағы уақытта да мемлекеттер арасындағы жан-жақты қарым-қатынасты өркендетуге мүдделі екендігін білдірді.

Екі ел арасында өзара пайдалы әрі мүдделі бағыттар көп болғандықтан, Мәжілістің вице-спикері Куба іскерлерінің компанияларын «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды. Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болуға ұмтылысын қолдағандықтарына алғысын жеткізді.

Кубаның Сыртқы істер вице-министрі қазақстандық спортқа деген жоғары көзқарасын айта келе, «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне қатысатындықтарын мәлімдеді. «Қазақстан ғаламдық қауіпсіздікті нығайту жолында үлкен үлес қосып отыр»,- деп баға берді. «Қазақстан Кариб зонасына біз арқылы өтсе қуанар едік»,- деген ақжарма тілекпен парламентаралық байланыстарға тоқталды.

Қазақстан парламентшілерін заң шығару жұмысы бойынша тәжірибе алмасу мақсатында еліне шақырды. Жүздесуге Қазақстан тарапынан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Кубаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вальдес Де Ла Консепсион қатысты.
 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика