Халықаралық интеграция

Терроризм мен экстремизм қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануды үдетті - ШЫҰ

Терроризм мен экстремизм қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаңа радикалды күрделі кезеңге аяқ басты, деді Шынхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің Астанада өтіп жатқан зорлық-зомбылық экстремизмі жөніндегі өңірлік конференциясында.
Астана қаласы29 Маусым , 12:54

«ШЫҰ басым бағыттарының бірі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұйым елдері аясында жаһандық қауіптерге қарсы тұру болып табылады. Экстремизм, терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, халықаралық ақпараттық қауіпсіздік, киберқылмыстармен күрес, заңсыз көші-қон мен адам саудасымен күрес белсенді жүріп жатыр»,-деді С.Имандосов.  

Оның сөзінше, терроризм мен экстремизм жаңа заманға сай ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жаңа радикалды, күрделі кезеңге көшуде. «Осы ретте түрлі тенденцияларды анықтауға мүмкіндік беретін қолданбалы-ғылыми зерттеулер мен талдамалық болжамдардың, тәжірибелік кеңестердің пайдасы өте зор»,-деді ол.     

Бас хатшының орынбасарының айтуынша, конференция барысында экстремизмге қарсы бағыталған ұлттық стратегияларды құру мәселесі талқыланды. Бұған қоса, түрлі формадағы террористік және экстремистік әрекеттердің мемлекеттік стратегиялары талқыланып, терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру, есірткі мен қарудың заңсыз саудасымен күрес және осы бағыттағы жұмыстар бойынша тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика