Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Жыл басынан бері несие есептерін eGov.kz арқылы 40 мың адам алған

Дербес несие есептері (ДНЕ) eGov.kz-те өздерінің қағаз ұқсастарынан танымалырақ. 2015 жылғы 6 ай ішінде пайдаланушылар электрондық үкімет порталы арқылы 40 мыңға жуық есепті алды, ол осы мерзімдегі берілген ДКЕ-дің барлық санының 75% құрайды, деп хабарлады, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар».
Казахстан30 Маусым , 11:09

Бірінші кредиттік бюро ақпаратына сәйкес, 20105 жылғы маусым соңындағы жағдай бойынша қазақстандықтармен алынған дербес несие есептері (кредиттік тарихтар) саны 53 600-ге жетті, бұл көрсеткіш 2014 жыл бойы берілген ДНЕ санынан 2,5 есе артады.

Бұл ретте, азаматтар дербес несиелік есептерді eGov.kz порталында және ХҚКО бөлімдерінде алуды дұрыс көреді. Осы тәсілдердің танымалдығы қызметті алуда қарапайымдылығымен, қолайлығымен және жеделдігімен түсіндіріледі.  

«Дербес несие есебін алу қызметі «eGov» пайдаланушылары арасында үлкен сұранысқа ие, қызметті іске қосқан кезеңнен оны порталда 84 мыңнан аса рет алған. Бұл ретте, жылдың басынан бастап электрондық үкімет порталы арқылы алынған дербес несиелік есептердің 96% - тегін», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік органдарды АЖО дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауов.

ҚР әр азаматы жылына бір рет несиелік есепті тегін ала алады. Несиелік тарихты қайта алу ақылы негізде жүзеге асырылады. Несиелік тарих ақпаратына және төлем тәртібін бақылау несиелік тарихтың сапасын, сондай-ақ ондағы ақпараттың дұрыстығын сақтауға мүмкіндік береді.

«Жыл өткен сайын қазақстандықтардың өздерінің несие тарихтарына қызығушылығы белсенді өсуде. Несиелік тарих несие алуға өтінімді банк қарау кезінде өте маңызды, қарыз алушыда өзінің міндеттемесіне қатысты төлем тәртібін жақсартуға ниетін қалыптастырады» - деп «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС Субъектілермен жұмыс бойынша департаменттің директоры Ольга Шахова атап өтті.

Электрондық үкімет порталынан дербес несие есебін алу қызметі «Салықтар және қаржы» - «Экономика және қаржы» тарауынан табуға болады. Туындаған барлық сұрақтар бойынша пайдаланушылар Бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласа алады, қоңырау шалу Қазақстан бойынша тегін.

 




Яндекс.Метрика