ҚР ИИДМБ

ИИДМБ: 2020 жылға қарай инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 2 есе артады

Индустриалды -инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстанда 2020 жылға қарай инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 20%-ға дейін, яғни 2 есе артады, деп мәлімдеді ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Лаура Садықова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы29 Маусым , 12:26

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, индустрияландырудың екiншi бесжылдығы индустрияны инновациялық дамытуға бағытталған. Сондықтан екiншi бесжылдықтың негiзгi мақсаты - инновациялық экономикаға көшудiң негiзiн құру арқылы өнiмдiлiк өсiмiн қамтамасыз ету. 2020 жылға қарай инновациялық белсендi кәсiпорындар үлесiн 20%-ға дейiн, яғни 2 есе арттыруды жоспарлап отырмыз. Инновациялық өнiмнiң ЖIӨ ішіндегі үлесiнiң ұлғаюы 2,5%-ға жетеді деп болжанып отыр», - дейді Л.Садықова.

Оның айтуынша, аталған жоспар үшiн инновациялық саясатта екi әлеует белгiленіп отыр.

«Оның бiрiншiсi - дәстүрлi салалардағы технологиялық кейiндеудi қысқарту. Бiзде металлургия, мұнай химиясы, машина жасау, құрылыс индустриясы және шикiзат өнеркәсiбi сынды салалар бар. Екiншiсi, жаңа бағыттарды дамыту. Мұнда бiздiң негiзгi жұмысымыз заманауи технологиялық шешiмдердi жүзеге асыруға бағытталған бизнестi жүргiзу үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталады», - деп атап өтті Л. Садықова.

Сонымен қатар, ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттің қолдау аясында коммерцияландыру жүзеге асырылады. 

Анар Тәңірқұлова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика