Халықаралық интеграция

Бейжіңде «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» халықаралық конференциясы өтті (Фото)

Бейжің қаласында ҚХР-дағы ҚР Елшілігі Қытай халықтық шетелдермен достық қоғамының қолдауымен «Қазақстанның қазіргі кезі және болашағы» халықаралық конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 29 Маусым, 15:48

Іс-шараға Қытайдың жоғары лауазымды тұлғалары, ТМД елдерінің елшілері, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, Орталық Азия және Қазақстандағы Қытайдың бұрынғы елшілері, ҚХР ғылыми топтарының өкілдері, Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Сұлтан Әкімбеков және ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Алматыдағы өкілдігі атқарушы директорының орынбасары – директор Сергей Тохтаров, сондай-ақ қазақстандық және қытай БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Ұлт жоспары, 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күрес күні деп жариялау, Қазақстан Халқы Ассамблеясын құру бастамалары бойынша пікір алмасып, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, «Бір белдеу, бір жол» қытай тұжырымдамасы және Қазақстанның «Жібек жолының мәдени белдеуі» бастамаларының бір-бірін өзара толықтыру мәселелері талқыланды.

Конференция қатысушылары еліміздің қоғамды нығайту, ұлтаралық және дінаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік құрылысты жетілдіру қадамдарына жоғары баға берді.

Елбасының халықаралық қатынастардағы беделі мен ядролық қарусыздану идеясын таратуға мүмкіндік беретін әрекеттерінің жоғары рөлі ерекше атап өтілді.

ҚР стратегиялық құжаттары және «2050 Стратегиясы», Ұлт жоспары, «Нұрлы жол» ЖЭС сынды кешенді жоспарлары мемлекетке заманауи қауіп-қатерлер, экономикалық тұрақсыздық және әлемдік экономиканың рецессиясына лайықты төтеп беруге көмектесетіні жайында сенімділік білдірілді.

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика