Халықаралық интеграция

БҰҰ: Қазақстан бұрыннан зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы жаһандық әрекеттердің қолдаушысы

Қазақстан Үкіметі баяғыда-ақ зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы жаһандық әрекеттердің қолдаушысына айналған және ол БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр, деді БҰҰ-ның Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Орталық Азия елдері үшін превентивті дипломатия орталығының басшысы Петко Драганов Астанада өтіп жатқан Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күреске бағытталған өңірлік конференциясы барысында.
Астана қаласы29 Маусым , 12:01

«Қазақстан Үкіметі баяғыда-ақ зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы жаһандық әрекеттердің қолдаушысына  айналған және ол БҰҰ тарапынан жоғары бағаланып отыр. Мен жуырда БҰҰ-ның бас хатшысын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде сүйемелдер жүрдім. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың діни, саяси көшбасшылардың диалогын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамасы. Бұл түсіністікті қалыптастыру мен ынтымақтастық пен өзара сыйластықты қалыптастыруға бағытталған бастамама. Осы ретте зорлық-зомбылық экстремизмімен күресіп қана қоймай, оның алдын алуға да болатындығын түсіну керек»,-деді П.Драганов.   

Арнайы өкілдің айтуынша, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун БҰҰ-ның зорлық-зомбылық эктремизмінің алдын алуға бағытталған іс-қимыл жоспарын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының алдыда болатын 70-ші сессиясында жариялайтынын айтты.   

«БҰҰ-ның бұл жоспары экстремизмнің 4 бағыт бойынш тудыратын әсерлерін айқындайды. Олар: бейбітшілік пен қауіпсіздік, тұрақты даму,  адам құқықтары және гуманитарлық іс-қимылдар. Бұған қоса, жоспарда БҰҰ-ның зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы әрекет барысында өзге де мемлекеттерге арқай сүйетіні айтылған»,-деді арнайы өкіл.  

 

 

Ботагөз Айтжанова

 

 

 


 




Яндекс.Метрика