ҚР ИИДМБ

ҮИИДМБ: Қазақстан 400 түрлі жаңа өнім шығара бастады

Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында Қазақстан 400 түрлі жаңа өнімді шығара бастады, деп мәлімдеді ҚР ИДМ технологиялық және инновациялық даму департаменті директорының орынбасары Лаура Садықова ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы29 Маусым , 11:53

««Қазақстан  2050» стратегиясымен әлемнің дамыған және бәсекеге қабілетті 30 мемлекетінің қатарына кіру міндеті тұр. Бірінші кезекте бірінші бесжылдықты баса айтсам деп едім, ол өндіріс саласына үлкен серпін берді. Бірінші бесжылдақта өндіріс саласына 16 млрд доллар тартылды, бұл өткен  5 жылға қарағанда 2,5 есе көп. Осы ретте 50-ге жуық заң қабылданып, салалық бағдарламалар жасақталды. Біз 400 түрлі жаңа өнім шығара бастадық. Енді бізде автоөндіріс, теміржол машинақұрылысы, базалық химиялық өнімдер өндірісі, титан өндірісі, сирек кездесетін металл өндірісі бар», - деді Л.Садықова.

Оның айтуынша үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының нысандары аймақтардың дамуына серпін берді. 

«Маңғыстау, Ақмола облыстарындағы қайта өңдеу саласындағы нысандардың үштен бір бөлігі, Қостанай облысы мен Астана қаласындағы қайта өңдеу саласындағы нысандардың төрттен бір бөлігі индустрияландыру картасының жобалары есебінен жүзеге асырылғандар», - деп атап өтті ол. 
Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика