Адами капитал

Алғаш рет қазақстандық әскери ұшқыштар түнде алты сағаттық ұшу ауысымдарын жүргізді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің армиялық авиация ұшқыштары алғаш рет түнгі жағдайларда сағат 22.00-ден 04.00-ге дейін толығымен алты сағаттық ұшу ауысымдарын орындады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 29 Маусым, 20:11

Түнгі жағдайлардағы ұшулар жер бетінің нашар жарықтандырылуы, объктілердің көрінуінің нашарлауы, жарықтық бағдарларға дейін қашықтықтарды көзбен шолып айқындауда ағаттықтардың пайда болуы және қоршаған ортаның ұзақ біркелкі болуымен сипатталады.

 «Ұшқыштар мен техникалар, оның ішінде жастар түнгі ұшулардың психофизиологиялық жүктемелерін сезінді. Жоғары шаршаңқылық, ұйқышылдық, көру қабілеттілігінің нашарлауы, әдеттегі тыныс тіршілік ритмінің, яғни ұйқы, сергектік, тынығудың бұзылуы.  Алайда, барлығы өзінің міндеттерін жақсы атқарды. Ұшу мақсатына қол жеткізілді», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысының орынбасары полковник Еркен Жұмағалиев атап өтті.

Ұшуларды жүргізу барысында экипаждар әртүрлі жаттығуларды пысықтады, оның ішінде бағдар бойынша ұшулар, апатқа ұшыраған адамдарды іздеу және эвакуациялау, кідіру режимінен іздеу-құтқару жұмыстарын орындады.  Жерүсті және инженерлік-техникалық персонал авиациялық техниканы ұйымдастыру мен қызмет көрсетуде құнды тәжірибе алды. Айта кетейік, оқу-жаттықтыру ұшулары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес 19132 әскери бөлімінің (Астана қ.) базасында «Еурокоптер» ЕС-145 тікұшақтарында жүргізілді.

 





Яндекс.Метрика