Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Мемлекет басшысы Мұнай-газ кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мұнай-газ кеңесінің отырысын өткізді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы18 Қазан , 20:40

«Кездесуде мұнай-газ саласын одан әрі дамытудың, оны жаңғырту мен әртараптандырудың өзекті мәселелері қаралды», - деп хабарламада нақтыланған.

Нұрсұлтан Назарбаев еншілес компаниялар арасында функциялардың қайталануын жойып, корпоративтік басқарудың халықаралық стандарттарына сәйкестендіру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің ішкі нарығын ретке келтіруге және мұнай өңдеу саласын дамытудың нақты перспективасын анықтаудың маңыздылығына назар аударды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Солтүстік Каспий жобасын одан әрі іске асыру жайы және «Теңізшевройл» ЖШС қызметімен бірге мұнай-газ секторының өзге де өзекті мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

 




Яндекс.Метрика