Өңірлер

Қостанай облысының аукционында 300 бас асыл тұқымды мал қойылады

Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы кезінде алғашқы рет «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағдарламасын енгізу және іске асыру идеясын, сондай-ақ ет өнімдерінің экспортын жылына 200 мың тоннаға дейтін жеткізу қажеттілігі жөнінде жариялаған болатын, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ.
Қостанай30 Маусым , 09:24

Аталмыш бағдарламаны іске асырудағы ең ірі операторлардың бірі «ҚазАгроҚаржы» АҚ болды. ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы бірнеше кезеңдермен өтетіндігі көзделген. Бірінші кезеңде Қазақстанда мал басын будандастыру мен көбейту үшін шетелден өнімділігі жоғары элиталы етті мал әкелінген болатын. 2011-2014 жылдар ішінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқасында елімізге барлығы 40 380 бас ІҚМ (етті 33 824 бас мал, сүтті 6 556 бас мал) әкелінген.

Бұл бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде мал басын әрі қарай асылдандырып, елімізде жалпы асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында, шетелдік мал табынынан төл алып, оларды бүкіл Республика бойынша тарату көзделген. Қызмет атқарған бүкіл кезеңі ішінде 85 асыл тұқымды репродуктор-шаруашылық қаржыландырылып, іске қосылды.

12 мыңнан артық асыл тұқымды төлдердің екінші ұрпағы алынды.

 «Қазіргі таңда фермерлерге Канадаға, Австралияға, Голландияға және т.б. жерлерге барып, шетелден мал әкелудің мүлдем қажеттілігі жоқ. Қазір біздің еліміздің аумағында алынған асыл тұқымды малдарымыз жеткілікті. «Екінші ұрпақ» деп аталатын тұқымның ІҚМ сатып алу, мал жеткізуде және оны тасымалдауда ғана елеулі үнем жасауға ғана мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар жеткізу мерзімін қысқартуға, анағұрлым бейімделген мал және оның шыққан тегін әрі отандастарымыздан – қазақстандық ферма-репродуктор иесінен кепілдік алуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда компаниямыз еліміздің шегінде туған 8 000 бас асыл тұқымды малды лизингке ендігі беріп те қойған», - деді  «ҚазАгроҚаржы бұл бағдарламада асыл тұқымды ІҚМ лизинг берушісі ретінде шығып отыр, - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы Әлия Исенова.

Асыл тұқымды төлдерді сату, негізінен аукцион арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда кемінде бес ірі аукцион өткізілді, онда фермерлер асыл тұқымды бұқаларды өз қолдарымен таңдап алды.

Биылғы жазда (03.07.15) Қостанай облысында Қазақстандағы асыл тұқымды ІҚМ Бірінші халықаралық ашық аукционы өтетін болады. Аукционда 180 асыл тұқымды бұқа және 130 асыл тұқымды Абердин-ангус қашарлары шығарылатын болады. Бұл тұқымның бір бұқасының салмағы 800 кг артық болатынын айтып кетуге тұрарлық. Қазірдің өзінде бүкіл республика бойынша фермерлер алдағы болатын ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін күшейту бағдарламасының екінші кезеңіне көшуге шығар жері болып қалуға тиісті осы іс-шараға ерекше көңіл бөлуде. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика