Халықаралық интеграция

К.Мәсімов: Экстремизм мен лаңкестікті насихаттаудың жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек

Экстремизм мен лаңкестікті насихаттаудың жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда.
Астана қаласы29 Маусым , 11:03

 «Экстремизмге және лаңкестікке адамдарды тартудың негізгі әдістерінің бірі интернет арқылы жүзеге асырылады», - деді сөз басында К.Мәсімов. 

Премьер-Министр атап өктендей, лаңкестер әлемдік желіні бүлдіргі идеологияны, өшпенділік пен зорлық-зомбылықты, содырларды тарту мен даярлауды, ақпарат алмасу, қылмыстық іс-қимылдарды жоспарлау және үйлестіру үшін пайдаланады.

«Мәселен, танымал Facebook-тен What's app-қа дейінгі әлеуметтік желілерде лаңкестердің қарулы джихадқа шақыратын мәлімдемесін бір тәулікте 2 миллионнан астам адам қарап шыққан. Қазақстан осы материалдарды анықтап, тосқауыл қоюда. Алайда бұл бағытта біздің күш-жігер бірлескен және жүйелі түрде іске асырылуы тиіс», - деп толықтырды К.Мәсімов. 

«Сонымен бірге экстремизм мен лаңкестікті насихаттаудың жолын кесуде азаматтық қоғам үлкен рөл атқаруы керек. Баршамыз үшін азаматтық қоғамның экстремистік және террористік ұйымдардың арам пиғылын жүзеге асыруға атсалысуы үлкен проблемаға айналуда»,- деп баса айтты ҚР Премьер-Министрі. 
Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика