Халықаралық интеграция

АҚШ зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы мемлекеттердің күштерін біріктіруді ұсынып отыр

Жергілікті қоғамдастықтар біріге жұмыс істесе, бұл айтарлықтай сәтті стратегия болады, дейді АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің Кеден-шекара қызметінің жетекшісі Гил Керликовский Астанада өтіп жатқан Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес өңірлік конференциясы барысында.
Астана қаласы29 Маусым , 10:43

«АҚШ-тың  Ішкі қауіпсіздік министрлігінің Кеден-шекара қызметі аталмыш мәселеге өте байсалды қарайды. Соңғы 10 жылда біздің ведомство түрлі қауіптердің алдын алу мақсатында көп жұмыс істеді. Біз тәжірибе алмасып, жаңа қауіптерді анықтау үшін әлемдегі көптеген әріптестерімізбен біріге жұмыс істейміз. Біз адамдардың іс-әрекеттері мен сауданың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа технологиялар бойынша жұмыс істейміз. Экстремизм деген жұқпалы идеология. Онымен бірде бір үкімет, бірде-бір ұйым жалғыз күресе алмайды»,-деді Г.Керликовский.  

Сарапшының айтуынша, жергілікті қоғамдастықтардың үкіметтері бірігіп жұмыс істейтін болса, бұл сәтті стратегия болатын еді.  

«Егер пікір, ақпарат, алмасу сөз бостандығы болатын болса. Біздіңше, кеден-шекара қызметі жеке сектормен, халықаралық ұлттық топтармен, азаматтық сектордағы түрлі топтармен жұмыс істеуге жақсы мүмкіндіктер жасап отыр. Бас Ассамблея отырысында АҚШ Президенті Барак Обама үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарды зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күресте қолдан келгеннің барлығын жасауға шақырды»,-деді ол.      

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдерінің зорлық-зомбылық экстрмизміне қарсы күрес өңірлік конференциясы өтіп жатыр. Оның күн тәртібінде зорлық-зомбылықпен және оның қозғаушы күштерімен күрес, сондай-ақ осы бағытта тиімді саясат жүргізу мәселесі бар.   

Осылайша, жиынға қатысушылар экстрмистік әректтерді тудыратын салдарлармен күрес, радикалды топтардан келетін қауіп-қатерлер, экстромистік идеяларды интернет арқылы тарату, шет мемлекеттердегі соғыстарға қатысу үшін азаматтарды арбау сияқты мәселелерді сөз етпек.  

Ботагоз Айтжанова

 

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика