Адами капитал

Қостанай облысында жас жол қозғалысы инспекторларының республикалық слеті өтеді

Қостанай облысында «Мерей» балалардың демалыс кешенінің базасында 2015 жылдың 10-19 маусым аралығында 15-ші Ғ.Байтасов атындағы жас жол қозғалысы инспекторларының слеті өтеді.
Қостанай29 Маусым , 18:51

Аталмыш шараны «Жұлдыз» балалар мен қоғамдық ұйымдар одағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. Шараның мақсаты балалардың қатысуымен орын алып жататын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол-көлік апаты салдарынан болып жататын оқиғалардың нәтижесінде балынған жарақат мәселесіне құзырлы орган өкілдерінің назарын аудару болып табылады.  

Жиынға Астана мен Алматы қалаларынан және еліміздің барлық облыстарынанғ сондай-ақ Ресей, Беларусь, қырғызстан елдерінен өкілдер қатысады. Шараның ашылу салтанатына 1500-ден астам адам және ардагерлер қатысады деп күтілуде.

 Жас инвпекторлар онда «Жолд жүру ережесін білу», «Жас жол қозғалысын реттеуші», «Қауіпсіз дөңгелек», «Жас инспекторлар отрядының үздік командирі», «Жас үгітшілер», «Жас санитарлар», «Жас тілші», «Үгіт бригадаларының байқауы», «Сапта жүру көрінісі»,  «Менің отрядым» атты аталымдар бойынша сайысқа түседі. Слет аясында байқаудан өзге де көптеген шаралар ұйымдастырылады.

 

 

  




Яндекс.Метрика