Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Түрік сарапшылары Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздердің тәмәмдануын жоғары бағалады

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінде ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі бойынша келіссөздердің аяқталуына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде29 Маусым , 11:42

«ҚР-ның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев қатысушыларды Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде еліміз үшін тарихи маңызды зор Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздердің тәмәмдануы туралы хабардар етті», - делінген хабарламада.

Ж. Түймебаев Қазақстан халықаралық қауымдастықтың жауапкершілігі зор мүшесі бола отырып, ашық демократиялық қоғамды, либералдық экономикалық жүйені қалыптастырып, әлемнің көптеген мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқанын атап өтті. Қазақстанның шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығы асқаны атап өтілді.

Орталық Азия бойынша сарапшы, саяси шолушы Кюршад Зорлу ұзақ келіссөздер барысында өз позицияларын ұстай алған Қазақстанның дипломатиялық жеңісін жоғары бағалап өтті.

«Бауырлас Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі сіздердің еліңізде экспортқа бағытталған бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Түркия ДСҰ-ға 1995 жылы кірді, одан кейін ел экспорт көлемін арттырып, бәсекелестік деңгейі айтарлықтай өсті. Мүмкіндікті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқын келе жатқан Астана күнімен құттықтағым келеді», – деді К. Зорлу.

Түркі әлемінің инженерлері мен сәулетшілері одағының төрағасы Ілияс Демирджи Қазақстанның елеулі табыстарын атап өтіп, біздің еліміздің орталықазиялық аймақтағы жетекші рөлін баса айтты. Сондай-ақ ол Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ҚР-дағы бизнесті дамытудың жаңа сатыға көтеретінін атап өтті.

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика