Халықаралық интеграция

К.Мәсімов: Қазақстанда лаңкестік және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған (Фото)

Қазақстанда лаңкестік және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жетілдіріліп отыратын заңнамалық базада жасақталған, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда.
Астана қаласы 29 Маусым, 09:56

«Біз күн сайын террорим мен экстремизм көріністерімен бетпе-бет келудеміз, ол біздің елдеріміздің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Бұл проблеманың жаһандануы бізге онымен күресудің жаңа жолдарын іздестіруге мәжбүрлеуде. Қазақстан өзге де мемлекеттер сияқты зорлық-зомбылықты құптамайды және осы бағытта  терроримзге қарсы құрылымдармен белсенді жұмыс істеуде», - деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, Қазақстанда терроризм және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған.

«Орташамерзімді бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Заңнамалық базасы да жасақталған және ол халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жетілдіріліп отырылады. Белгілі болғандай, осындай жағымсыз әсердің бұғауында сәтсіз әлеуметтік экономикалық орта қалып қояды. Елбасы Н.Назарбаев 100 нақты қадам бағдарламасын ұсында, ол халқымыздың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, келісім мен бірлікті сақтап қалуға бағытталған. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барлық жаһандық қауіп-қатерге біздің берген жауабымыз болмақ», - деп толықтырды Премьер-Министр.

Естеріңізге сала кетейік, конференция жұмысына әлемнің 24 елінен келген делегациялар, яғни ЕО мен Ресейдің және АҚШ-тың өкілетті органдарының өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамның, лаңкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысуда.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Дерекнама

Яндекс.Метрика