Мәдениет, дәстүрлер және даралық

«Астана Операда» «Атилла» әлемдік премьерасына орай мемлекеттік театр жайында жинақ таныстырылады

«Астана Опера» балет және опера мемлекеттік театры Джузеппе Вердидің «Атилла» әлемдік премьерасына орай елордада театр туралы кітаптың тұсаукесері өтеді, деп «Астана Опера» театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов мәлімдеді.
Астана қаласы18 Қазан , 14:52

«Біз жинақты фотобейнелеу арқылы әспеттеп, көркемдедік. Ол әлемдік театр премьерасында таныстырылады. Шетелдік қонақтарға табысталады», - деді Т. Мұхаметжанов.

«Астана Опера» театрының жаңа маусымы Д. Вердидің «Attila» шығармасының премьерасымен ашылады. Әлемдік премьера аясында «La Fenice» (Венеция) театры «Аттила» опералық қойылымы (1846 ж.) алғаш көрсетілген замандағы экспонаттар қойылған бірегей көрме ұйымдастырады. Ресейдің Үлкен театры (Мәскеу) өткен ғасырдағы жәдігерлерді, соның ішінде, опера және балет әлеміне танымал тұлғалардың костюмдерін көпшілік назарына ұсынады.  

 

 




Яндекс.Метрика