Халықаралық интеграция

Нидерланды Корольдігі Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі

2015 жылдың 24 маусымында Амстердамда Нидерланды Корольдігіндегі Қазақстан Елшісі Майнұра Мырзамадиеваның Нидерленді королі Виллем-Александрмен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде29 Маусым , 17:34

Кездесі барысында тарапта екіжақты саяси, сауда-экономикалық байланыстың маңызды мәселелерін талқылап, мәдени-гуманитарлық серіктестікті одан ары нығайту қажеттілігіне тоқталды.

М. Мырзамадиева Нидерленды басшысы Еуразиялық кеңістіктегі ағымдағы интеграциялық процестердің барысымен, инеилекеттік әлеуметтік-экономикалық және Қазақстанның саяси даму бағдарламаларымен таныстырды, сонымен қатар Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы туралы әңгімеледі.

Өз кезегінде,  Король Виллем-Александр Қазақстанмен ынтымақтастықты одан ары нығайтуға мүдделі екенін жеткізіп, өзінің жылы лебіздерін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа және Қазақстан халқына жолдады.




Яндекс.Метрика