Адами капитал

Көкшетау техникалық институтының 130 түлегі ТЖК қатарын толықтырды (Фото)

Азаматтық қорғаныс саласында мамандарды дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны болып табылатын Көкшетау техникалық институтында жас офицерлердің кезекті шығарылымына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлады ҚР ТЖК баспасөз қызметі.
Ақмола 29 Маусым, 11:23

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Владимир Карпович Божко, Ақмола облысының әкімі Сергей Витальевич Кулагин және басқа да қонақтар қатысты.

«2015 жылы Көкшетау техникалық институты адамдарың өмірін құтқарып, ұлттық байлықты, төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына қатысып қызметкерлер қатарына қосылатын әскери іс және қауіпсіздік бакалаврының «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойыншы 131 түлектерін шығарды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылы 15 курсант Көкшетау техникалық институт атынан Ресей Федерациясының жетекші оқу мекемелері: Ресей ТЖМ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясына және А заматтық қорғаныс академиясына жіберілді.

Осы жылы азаматтық қорғаныс Академиясы «Төтенше жағдайлардағы қорғаныс. Техносферлік қауіпсіздік» бакалавры бойынша алғаш қазақстандық офицерлер шығарылымын дайындағанын ерекше атап өту қажет.

Барлық түлектер еліміздің өңірлерінде орналасқан Төтенше жағдайлар комитеттеріне, комитеттің Орталық аппараттарына, Ұлттық гардиясына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жіберіледі.

 

 

 





Яндекс.Метрика