Халықаралық интеграция

Премьер-Министрдің ҚР кандидатурасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыну жөніндегі арнайы елшісі Камерунда болды

Премьер-Министрдің ҚР кандидатурасын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ұсыну жөніндегі арнайы елшісі Бағдат Әміреев Камерун Республикасында болып, осы елдің Премьер-Министрі Филемон Янгпен кездесті.
Әлемде29 Маусым , 10:19

Б.Әміреев Мемлекет басшысының Жолдауына Камерун Республикасының Прмеьр-Министріне жеткізіп, Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің болашақ мүшесі ретінде алдағы уақытта атқаратын жұмыстарының басым бағыттар туралы хабардар етті, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.

Достық мақсаттағы әрі ұзақ жалғасқан әңгіме барысында экономика және мәдени бағыттағы ынтымақтастықтың болашағы сөз болды. Әсіресе Африкалық Одақ пен Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясындағы ынтымақтастық мәселесі жан-жақты талқыланды.      

Б.Әміреев Қазақстанның ЕҚЫҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ШЫҰ сияқты халықаралық ұйымдар  аясында кең ауқымды қолдау тауып, халықаралық кеңістікте мойындалған этникаарлық келісім, экономикалық өсім, көпбағытты дипломатия бағытында қол жеткізген жетістіктері туралы баяндады.  

Б.Әміреев сонымен қатар, Камерун РЕспубликасының Премьер-Министріне 2017 жылы елімізде өткізілгелі отырған «ЭКСПО-2017» көрмесі туралы да айтып берді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика