Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев пен М.Ренци Қазақстан мен Италияның ынтымақтастығын одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті

Миланда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде27 Маусым , 19:38

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларында одан әрі нығайту жолдары талқыланды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци Қазақстан-Италия ынтымақтастығының әлеуетін арттыра түсудің маңыздылығына тоқтала отырып, бұл үшін қажетті күш-жігер жұмсауға әзір екендіктерін атап өтті.

 




Яндекс.Метрика