EXPO-2017

Н.Назарбаев пен М.Ренцин Қазақстан мен Италия павильондарын аралап көрді

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрі Маттео Ренцимен бірге Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасының ұлттық павильондарын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемде27 Маусым , 17:02

Нұрсұлтан Назарбаев пен Маттео Ренци  павильондардың экспозицияларын көрді, сондай-ақ Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Миландағы ЭКСПО-2015 дүниежүзілік көрмесі «Ғаламшарды азықтандыру. Энергия өмір үшін» тақырыбымен өтіп жатыр. Қазақстанның павильоны туристер арасында ерекше танымалдыққа ие болып, оны күн сайын 4,5 мың адам келіп көруде. «Қазақстан – мүмкіндіктер елі» деп аталған павильон жалпы алаңы 3 мың шаршы метрден асатын екі қабатты ғимаратта орналасқан. Онда ауыл шаруашылығына, мал шаруашылығына, су мәдениетіне, экологияға, жер өңдеуге, сондай-ақ еліміз туралы таңғажайып деректерге арналған 6 бөлім бар. Экспозицияларда интерактивтік және мультимедиалық технологиялар кеңінен қолданылған. 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика