Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

ҚР Президенті XXI ғасырдың ортасына дейінгі Қазақстан дамуының үш бірыңғай векторын айтты

Біздің басты тапсырмамыз индустриалды-инновациялық даму, еліміздің халықаралық беделінің өсуі мен өмір сүру сапасының артуы болуы керек, деді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV Съезінде.
Казахстан18 Қазан , 14:54

«Біздің ең басты партиялық брэнд пен ұранымыз – «Қазақстан тек қана алға!». «Стратегия-2050» тапсырмасын орындауда бұл ұранның мәні ашыла түседі – жаңа индустриалды-инновациялық бағдарлама жолында алға,қазақстандықтардың жаңа өмір сапасын қалыптастыру жолында алға, ұйымдасқан бірыңғай ұлт ретінде алға, Қазақстанның халықаралық беделін қалыптастыруда  алға, XXI ғасырдың жауапты және динамикалық мемлекеті ретінде алға», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, дәл осы негізде мемлекет пен партияның қазіргі жұмысының тарихи мәні айшықталады, бұл «барша қазақстандық арманның негізгі мәні».

Елбасы айтқандай, мемлекет тепе-теңдікті сақтаған, қауіпсіз, көп полярлы және толерантты әлемге қадам басуы керек.

 

 




Яндекс.Метрика