Халықаралық интеграция

Гаагада Қазақстанның халықаралық бастамалары ұсынылды – ҚР СІМ

Астана күні қарсаңында Нидерланд Корольдігі Парламентінің ғимаратында Қазақстанның бастамаларына арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде29 Маусым , 08:37

Аталған іс-шара барысында голландиялық депутаттық корпусына және жергілікті БАҚ өкілдерінің назарына еліміздің басты бастамалары, атап айтқанда, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігіне және 2022 жылғы қысқы Олимпиядалық ойындарды қабылдауға үміткерлігі, ЭКСПО-2017, АТОМ жобасы, Қазақ Хандығының 550-жылдығы, сондай-ақ стратегиялық «100 нақты қадам» ұлт жоспары мен «Нұрлы Жол» бағдарламалары ұсынылды.  

Қазақстандық стенд және арнайы дайындалған мультимедиялық слайд көрсетілімі Нидерландының саяси орталарының қызығушылығын тудырып, олардың Қазақстан Республикасының саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуының бағытымен барынша жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.

Голландиялық кәсіпкерлер қауымдастығы Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіктерін назарға ала отырып, жәрмеңкенің инвестициялық бөлігіне, ҚР Үкіметі тарапынан шетелдік инвесторларды қолдауға бағытталған инвестициялық жеңілдіктерге ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында нидерландтық депутаттар Қазақстанның халықаралық сахынадағы маңызды бастамаларының ұтымдылығын белгілеп өтті.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика