Евразиялық одақ

Латвияда ЕАЭО-ның тұсаукесері өтті (Фото)

Ригада Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер Армения, Беларусь, Казақстан және Ресей елшіліктерінің қолдауымен ЕАЭО тұсаукесері өтті. Шараның Латвияның Еуродақ Кеңесіне төрағалық етуінің шеңберінде өтіп жатқаны атап өтілді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 29 Маусым, 12:13

Шараға Латвия мемлекеттік органдарының өкілдері, Сейм және Рига қаласының депутаттары, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, іскер топтар, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Тұсаукесердің модераторы Латвияның инвестициялар және даму жөніндегі агенттігінің Бас директоры Андрис Озолсболды.

Еуразиялық экономикалық одақтың басты бағыттары жөнінде Еуразиялық экономикалық комиссиясының Интеграция және макроэкономикалық негізгі бағыттары алқасының мүшесі (Министр) Татьяна Валовая әңгімелеп берді. Ол қатысушыларды еуразиялық интеграциялық жобалардың даму этаптарымен, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық әлеуеттерімен, экономика, фармацевтика, көлік, қаржы, және электроқуаты, газ, мұнай мен мұнай өнімдері нарықтары, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені, біртұтас қызмет көрсету бағыттарында жалпы саясатты құру бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының мақсаттары мен тетіктерімен таныстырды.

Қазақстанның елшісі Бауыржан Мұхаметжанов өз сөзінде еуразиялық интеграция жөніндегі бастаманы осыдан 21 жыл бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтергенін атап көрсетті. Елші, сондай-ақ ү.ж. мамыр айында өткен VIII Астаналық экономикалық форум барысында мемлекет басшысы Еуразиялық және Еуропалық одақтардың интеграциясы мен белсенді ынтымақтастығы жөнінде және Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияны Еуропамен жалғастыратын жаңа көлік дәлізін құру жөнінде жаңа бастама ұсынғанын айтты.

Б. Мұхаметжанов еліміздің ғана емес, бүкіл ЕАЭО экономикалық және көліктік әлеуетін арттыруға бағытталған Қазақстанның жаңа логистикалық жобалары, бес институциалдық реформасы, «100 нақты қадам» ұлт жоспары жөнінде баяндап берді.

Елші еуропалық және латвиялық компанияларды бірлескен жобаларға белсенді қатысуға шақырды.

Елші шараға қатысушыларды еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін бітіргенін хабарлады. Латвияның сарапшылары Қазақстанның табанды түрде ұлттық мүдделерін қорғай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарын ұштастыра алғанын ерекше атап өттіп, қазақстандықтарды осы тарихи оқиғамен құттықтады.

 

 





Яндекс.Метрика