Халықаралық интеграция

Канберрада Қазақстан мен Аустралия ынтымақтастығын талқылады

Канберрада сыртқы саяси ведомстволар директорлары деңгейіндегі Казақстан-аустралиялық саяси кеңесінің кезекті раунды өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде27 Маусым , 13:01

Іс-шара шеңберінде тараптар екіжақты қарым-қатынас мәселелерінің кең ауқымын, атап айтқанда, мемлекеттердің сыртқы саясат пен саудадағы басымдықтар, Қазақстанның инвестициялық ахуалы, білім беру, ауыл шаруашылығы және лаңкестікке қарсы күрес салаларындағы ынтымақтастығы талқылады.

Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастыққа ерекше назар аударылды.

Аустралиялық тарап Еуразиялық экономикалық одағын құру мақсаттары, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне кандидатурасын ілгерілету бойынша Астананың жұмысы, Қазақстан тарапының қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамалары, сондай-ақ ҚР Аустралия тобына енуі бойынша келіссөздер барысы туралы хабарланды.

Қазақстан тарапы ДСҰ-на ену бойынша келіссөздердің сәтті аяқталуына орай құттықтаулар қабылдады. Осы тұрғыда, ДСҰ-на мүше болу жолында 19 жыл бойы үлкен жұмыс атқарылғандығы атап өтілді және сайлау үдерісі барысында Қазақстан Республикасына қолдау көрсеткені үшін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Аустралия үкімет басшысы Тони Эботтың атына жазылған алғыс хаты табыс етілді.

 

 

 




Яндекс.Метрика