Адами капитал

ҚР Құрлық әскерлерінде 1 мыңнан астам әскери қызметшісі салтанатты түрде ант қабылдады (Фото)

Бүгін ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде жас сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі болып өтті. Биылғы жылы армия әскер еліміздің әр аймағынан шақыртылған 1 000-нан астам сарбаз толықтырды, деп хабарлады Қорғаныс минисрлігі.
Казахстан 27 Маусым, 13:46

«Бұл күн жас сарбаздармен олардың жақындары үшін ғана емес, ол әскери бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері үшін де айрықша күн болып табылады.  Себебі ант қабылдаған күннен бастап Отан алдында мінсіз қызмет ету міндеті бастау алады.  Биылғы жылы 30212 (Отар) әскери бөлімін 600-ге жуық, 12740 (Сарыөзек) әскери бөлімін 400-ге жуық және 32363ә/б (Қапшағай) әскери бөлімін 350-ге жуық әскери қызметші толықтырды», - делінген хабарламада.

 Салтанатты ант қабылдау іс-шаралары шеңберінде өткен бағдарламаға сарбаздардың қарумен жасалатын дефилесі, әскери оркестрдің қойылымы кірген болатын. Бұдан өзге, Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарын толықтырған жас сарбаздар бұл іс-шара үшін қызықты бағдарлама әзірлеген еді. Қоян-қолтық күресі, кешенді дене дайындығы жаттығулары мен қарумен және қарусыз саптық әдістер - бұл бағдарламаның тек кішігірім бөлігі.

Жас сарбаздар іс жүзінде бір айы бойы жас жауынгерлердің курсында үйренген біліктіліктерін паш етті. Салтанатты түрде ант қабылдаған сарбаздар Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері  болып бөлініп,  келесі жылы олар білікті мамандардың қатарын толықтырмақ.  Әскери көліктерді механик-жүргізушілері, дәлдеушілер, артиллериялық қарулар есеп тобының бастығы, топогеодезистер, артиллериялық барлаушы мамандар мен айқындаушылар әрі қарай қызмет етуге және тәуелсіз Қазақстанның абыройы үшін өз борыштарын атқаруға дайын.

 

 





Яндекс.Метрика