Өңірлер

Таразда ақпарат және байланыс күніне арналған журналистердің форумы өтті

Таразда ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби меркесі қарсаңында «100 нақты қадам – қазақстандық біртұтастық» атты журналистер форумы өтті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл27 Маусым , 15:07

Өңір басшысы Қырымбек Көкрекбаев БАҚ өңірлік өкілдерін кәсіби меркемен құттықтады.

Ол жыл өткен сайын ақпараттық тапсырысқа мемлекет ұаржысы өсіп келе жатқанын атап өтті. Мәселен, осы жылы ақпараттық саясатқа 558 млн теңге бөлінді, жыл сайын қала мен аудандарға осы мақсатта 200 млн теңге жіберіледі.

«Елбасы Еуразиялық медиа-форумда медиа сала әлемде болып жатқан оқиғалардың тікелей қосылымы екенін айтып өтті. Ол сондай-ақ, бірлікті қалыптастырудың факторы болып саналатындығын айтты. Бұл орайда БАҚ әрбір адамға ұлт жоспарының мәні мен мағынасын жеткізу құралы болып отыр, бұл өте үлкен жауапкершілік», - деі аймақ басшысы.

 

 

 




Яндекс.Метрика