Инфрақұрылымның дамуы

Павлодар облысында 2016-2017 жылдары 640 пәтерлі 8 жалға беру пәтері салынбақ

Eurasian Resources Group және Павлодар облысының әкімдігі арасында Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары қызметкерлері үшін Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Павлодар29 Маусым , 08:56

Өңірдің әкімдігі хабарлағандай,  құжатқа Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев және ERG S.a.r.l. Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич қол қойды.

«Биыл да Еуразиялық Топпен ұзақ жылғы дәстүрлі ынтымақтастығымыз өз жалғасын тапты. ERG тобы өз қызметкерлері мен жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылға дейін Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Тұрғын үй бағдарламасын қаржыландыру (сомасы 4,4 млрд. теңге) міндетін алды. 2016-2017 жылдары Павлодар облысында «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, Ақсу ферроқорытпа зауыты, «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 8 арендалық үй (640 пәтер немесе 35,8 мың шаршы метр) салу жоспарланған», - деп атап өтті облыс әкімі.

Қол қойылған құжатқа сәйкес, Павлодар облысының әкімдігіне Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында ERG тапсырмасымен тұрғын үйлердің құрылысын толықтай орындайтын және пайдалануға тапсыра алатын ұйымдар жөнінде өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру міндеті жүктеледі. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдар 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасының қатысушыларына III және IV жайлылық санатындағы арендалық тұрғын үйлерді салу үшін сатып алумен жалға берілетін жер телімін және қажетті рұқсат қағаздарын беруде әкімдіктер көмек көрсетуге, сондай-ақ құрылыс объектілеріне инженерлік инфрақұрылымды өткізуге ниетті.

ERG өз кезегінде Тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй құрылысын қаржыландыру үшін қаражат бөлуге және басқа да көмекті жүзеге асыруға мүдделі.

Бүгінгі таңда Еуразиялық Топ кәсіпорындары қызметкерлерінің үштен бірі - 35 жасқа дейінгі жас азаматтар. Соңғы бірнеше жылда компания өз есебінен шамамен 14 млрд. теңгеге баспанасы жоқ үш мыңға жуық отбасын (90%) баспанамен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, Еуразиялық Топ соңғы 11 жылда өңірлер үшін маңызды экономикалық, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және мәдени жобаларды қаржыландыруды өз мойнына алған. 2009-2014 жылдар барысында Топ әлеуметтік салаға 110 млрд. теңге жұмсаған. Жыл сайын орташа есеппен 18 млрд. теңге. Осы Топтың Павлодар облысында қаржыландырған әлеуметтік маңызды жобалары: Ақсу қаласындағы Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт сарайы, Екібастұз қаласындағы балалар музыка мектебі және Павлодар қаласындағы спортта дарынды балаларға арналған бассейннің құрылысы және т.б. жобалар.

2015 жылы ең ірі жобалардың қатарында Павлодар қаласына трамвай вагондарын сатып алу, Ақсу қаласында жабық хоккей кортын салу, Павлодар қаласында тұрғын үйлердің айналасын көгалдандыру, Ақсу қаласында сыртқы инженерлік желілерді қаланың коммуналдық меншігіне беру.

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика