Өңірлер

Отандық жеткізушілермен 6 трилл 300 млрд теңгенің 3 500 келісім шарты орнатылды – «Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына контаркт» ЖШС өкілдері Шымкент қаласында өткен шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және әкімшілік кедергілерді жою бойынша өткен форум жұмысына қатысты.
Оңтүстік Қазақстан27 Маусым , 12:32

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш шараның мақсаты индустриялды-инновациялық дамуды қолдауға арналған мемлекеттік шаралардың еенгізілуі, «Нұрлы жол», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында өткізілетін шаралар туралы түсіндіру.

Сондай-ақ, кәсіпкерліктің бақылау-шешу жүйесін оңтайландыру және әкімшілік кедергілерді түсіру мәселелері талқыланды.

Аталмыш форумға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ұлттық компания, даму институты, халықаралық қаржы ұйымдардың өкілдері қатысты.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібі аясында қазақстандық кәсіпкерлерге бірқатар жеңілдіктер қарастырылған, бүгінгі таңда олардың саны 14. Мәселен, сатылымдар тек отандық сатып алушылар арасында өткізіледі.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика