Адами капитал

Құрлық әскерлері бас қолбасшылығының командасы атыс бойынша чемпионаттан үздік шықты

Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының, Бас штабының, ҚР Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары басқармаларының, «Жас ұлан» мектебінің және Ақмола гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің құрылымдық бөлімшелері арасында табельді қарудан атыс бойынша чемпионат өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Маусым, 12:03

«Әскери қызметшілер АК-1 және ПМ-1 қаруын атудан сынақтар тапсырды. АК-1 жаттығуы – бұл дөңгелек нысанды 100 метр қашықтықта АК-74 қаруынан дәлдеп ату», - делінген хабарламада.

ПМ-1 жаттығуы – бұл ПМ пистолетінен дөңгелек нысанды 25 метр қашықтықта тұрып көздеп ату болып табылады. АК-1 бойынша жеке сынақта бірінші орынды подполковник Д. Сәдуақасов жеңіп алса, әскери қызметші қыз-келіншектер арасында ПМ-1 қаруынан сынақта екінші орынды аға лейтенант А. Мұхтарова иеленді.

Екі әскери қызметші де ҚР ҚК ҚӘ Бас басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының офицерлері. Екі жаттығу бойынша топтар арасындағы орындар төмендегідей болып бөлінді: 1-орынды ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының басқармасы жеңіп алса, 2-орынды ҚР ҚМ Тыл бастығының басқармасы және 3-орынды 14776 әскери бөлімі иеленді. Аталған чемпионатқа барлығы 29 топ қатысқанын атап өткен жөн.

 





Яндекс.Метрика