Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

ҚР ДСӘДМ жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспарының тұсаукесері өтті

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов Шығыс Еуропа және Орталық Азия үшін Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) өкілі Алена Нешпоровамен кездесті, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Астана қаласы27 Маусым , 11:36

Шара  барысында ХЕҰ өкілі Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс- әрекет жоспарының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан жұмыс берушілері конфедерациясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері қатысты.

Жоғарыда көрсетілген жоспар жастар жұмыссыздығымен күрес бойынша тиімді шаралар қолдану үшін бағытталған. Ол қолайлы мамандықты таңдауда (кәсіптік бағдар) жастарды қолдауды, жастарды кәсіпкерлік қызметке ынталандыруды және жастардың еңбек нарығына қолжетімділігін  кеңейтуді қарастырады.

Қазіргі кезде ұқсас жобалалар Ресейде, Әзірбайжанда және ТМД-нің басқа елдерінде іске асырылуда.

Кездесудің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында жастарды жұмыспен қамту бойынша іс-әрекет жоспары барлық мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты.




Яндекс.Метрика