EXPO-2017

Елбасы 27 маусым күні ExpoMilano 2015 көрмесіне қатысады

ЭКСПО-да қатысушы-мемлекеттердің ұлттық күндерін өткізу дәстүрге айналды. ExpoMilano 2015 қатысатын 147 мемлекеттің 110-ы өз мемлекеттерінің тұсаукесерін өткізеді. 27 маусымда Қазақстанның Ұлттық күні көрмеге мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев келеді, деп хабарлады ұлттық компания.
Әлемде27 Маусым , 10:03

Елбасының сапары аясында Италия мен Қазақстанның мемлекет басшылары мен бизнес топтарының кездесулерін өткізу жоспарланады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның павильонында Италияның премьер-министрімен кездеседі, сонан соң қазақстандық-итальялық бизнес-форум өтеді, мұнда жалпы сомасы 500 млн. долларға шамамен 20 келісімге қол қою жоспарланады.

Ұлттық күнді өткізу – бұл өз мемлекетін жұртшылыққа таныстыру, ЭКСПО көрмелерінің тағы бір элементі, өз мемлекеті, оның тарихы мен дәстүрлері туралы айтуға сәтті мүмкіндік. Қазақстан 2005 ж. бері Дүниежүзілік көрмеге қатысып келеді. Бірақ биыл мемлекеттің павильоны ерекше орынға ие болып отыр. EXPO Milano 2015 көрмесінде Қазақстан павильонының алғашқы екі ай жұмысы туристер мен көрме қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.

FactsandFiction  неміс компаниясымен құрылған Қазақстанның павильоны "Қазақстан - мүмкіндіктер мемлекеті" тақырыбымен таныстырылды. Италияның БАҚ деректері бойынша мемлекет павильоны ең көп келетін павильондардың бестігіне кіреді, мұнда бір жолғы өткізу мүмкіндігі 80 адам кезінде күнделікті келушілердің саны шамамен 4500 адамды құрайды.

EXPO Milano 2015 дүниежүзілік көрмесінде "GAZZETTA DI PARMA" күнделікті газеті Қазақстанның павильонын "көруге тұрарлық ондыққа" кіргізді. Мұнымен қоса, Reppublica белгілі итальяндық газет тұғырнамасында ұйымдастырылған дауыс беру деректері бойынша Қазақстанның павильоны бүгінгі күні Колумбиядан кейін екінші орынға ие болып отыр.

Көрме жұмысы басталғаннан бері Қазақстанның павильонын бірқатар мемлекеттердің саяси, мәдени ортаның өкілдері - Монако ханзадасы, Қытайдың премьер-министрі, Германияның, Венгрияның Экономика министрлері, Лондон қаласы әкімі келіп тамашалады.

Ұлттық павильон екі мақсатты көздейді - өз мемлекетін лайықты түрде таныстыру, дүниежүзілік жәрмеңкенің басты көрнекті орнына айналу және Астана қ. ЭКСПО-2017  көрмесінде қонақтарға таңғажайып шоу ұсынылатынын көрсету.

Ауданы 3 000 шаршы метрді құрайтын екі қабатты ғимарат «Егіншілік», «Мал шаруашылығы», «Қазақстан туралы қызықты фактілер», «Қазақстанның аквамәдениеті», «Қазақстанның экологиясы» және «Болашақ ауыл шаруашылығы» сияқты тақырыптармен бірнеше экспозициялық аймақтарға бөлінген.  Павильонға келушілер табиғи және ауыл шаруашылығы ресурстарын қорғау тақырыбымен, Қазақстанның мәдениетімен және мемлекет көздеген тұрақты даму идеяларының қағидаттарымен танысады.

Мұнымен қоса, 2015 жылғы 1 мамырда Милан қ. «Ғаламшарды қоректендіру. Өмір үшін энергия» тақырыбында Дүниежүзілік көрменің ашылғанын және 31 қазанға дейін жалғасатынын айта кеткен жөн.  




Яндекс.Метрика