Астана күні

Астанадағы І Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалінде Стивен Сигал мен Сергей Бадюк өнер көрсетеді (ФОТО)

Астана күні аясында І Халықаралық жекпе-жек өнері фестивалі өтеді.
Астана қаласы 26 Маусым, 18:42

Фестивалдің құрметті қонақтары Голливуд актері, айкидо айкикайдан 7 дан иегері Стивен Сигал, «Страна бокса», «Страна героев» тележобаларының жүргізушісі Сергей Бадюк, ресейлік кикбоксер, кәсіпқойлар арасында бірнеше дүркін Әлем чемпионы Бату Хасиков және Бүкілжапондық халықаралық джиу- джитсу федерациясының негізін қалаушы және басшысы Алексей Кунин.  

«Елордада тұңғыш рет жекпе-жек өнері фестивалі өткізіліп отыр. Бүгін кешке фестиваль қонақтарының алдында түрлі бағыттағы шеберлер өнер көрсетеді. Қазақстандық спортшылардын жеке татамиге Қытай, Ресей, АҚШ, Чехия, Оңтүстік Корея және Жапония спортшылары да шығады»,- деді Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов баспасөз конференциясында.

Фестивал бағдарламасында жекпе-жектің 12 түрі бойынша, атап айтар болсақ айкидо, джиу-джитсу, капоэйра, будзинкан, тай боксы, каратэ годзю-рю, шин кали, кендо, таеквондо, вин-чун, шаолинь, қоян-қолтық күрес бойынша көрнекі жекпе-жек көрсетіледі.

Анар Тәңірқұлова 





Яндекс.Метрика