«Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығы тарапынан ауылдық округ әкімдіктері қызметкерлерімен бірге тұрғындарға осы бағдарламаның мақсат-міндеттері түсіндіру мен азаматтарды аталмыш бағдарламаға қатысуға шақыру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Ұйымдастырушылар құрған жедел топтар елді мекендерге 6 ре шығып, ондағы кездесулерге 191 адам қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы негізгі 3 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Елдің әрбір азаматы аталған бағыттардың біріне қатыса алады. Оларға оқу курстарынан өтуге, мамандығы бойынша жұмыс табуға немесе өз ісін ашып кәсіпкерлікпен айнасылуға мүмкіндік жасалған.