Энерготиімділік

В.Школьник: Қазақстан 2,5 млн тонна сұйытылған газ өндіреді

Бiз 2,5 млн тонна сұйытылған газ өндiремiз, ал бiздiң елiмiздегi қажеттiлiк максималды түрде 650 мың тоннаға жуықтайды, деп мәлімдеді ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник ОКҚ-да.
Астана қаласы26 Маусым , 15:51

«Бiз 2,5 млн тонна сұйылтылған газ өндiремiз. Бiздiң елiмiздегi қажеттiлiк максималды түрде 650 мың тоннаға жуықтайды. Министрлiк әрбiр облыстың қажеттiлiгiн есепке ала отырып, өңiрлерге газ бағыттаудың мiндеттi квоталарын реттейдi», - деді В.Школьник.

Оның айтуынша, Батыс қазақстанның сұйытылған газға деген қажеттілігі шамамен мың тоннаны құрайды.

«БҚО квотасы 800 тонна шамасында болды. Газ саласындағы мамандар маған квотаның ұлғайтылғанын мәлiмдедi. Мамандар өз кезегiнде бұл министрлiк өз бұйрығымен сұйылтылған газдың көтерме саудасының бағасын бiр тонна үшiн 31 мың теңгеден 11 мың теңгеге дейiн төмендетуден болып отырғанын айтады. Егер, қазiр квота ұлғайтылатын болса, онда бұл мәселе шешiледi. Қазақстанда сұйылтылған газ жеткілікті мөлшерде», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика