Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Қазақстандық дипломаттар «100 нақты қадам» ұлт жоспарын бразиялиялық БАҚ-қа таныстырды

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарына, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің қорытындыларынақатысты бразилиялық БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде26 Маусым , 16:32

Қазақстандық дипломат «100 нақты қадам»ұлт жоспары еліміздің заманауи сынақтарға жауабы болып табылып, оның іске асырылуы Қазақстанды әлемнің ең дамыған 30 мемлекеттерінің қатарына жақын арада кіруге мүмкіндік беретіндігін мәлімдеді.

Ұлт жоспарының мазмұнымен танысқан бразилиялық тілшілер Президент Н. Назарбаевтың ұсыныстарын қызығушылықпен қабылдап, олар еліміздің алдағы жылдардағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріне күрделі өзгерістер енгізуге бағытталғанын пайымдады.

Брифингке қатысушылар Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауының негізгі қағидаларымен танысып, Қазақстанның сыртқы саяси саладағы басылымдықтары жайлы сұрақтарына ақпарат алды.

«100 нақты қадам»ұлт жоспары, «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиясындағы тиімді бағдарламалар, Қазақстанға дүние жүзіндегі қаржы-экономикалық дағдарыс пен халықаралық турбуленттілік жағдайлардан қолайлы өтуге мүкіндік беретіндігі атап өтілді.

Іс-шараға қатысушылар, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезінің қорытындыларымен және Әлемдік қауымдастықта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған декларация қабылданғаны туралы мәлімденді.

Брифинг барысында 2015 жылғы 20 маусым күні бразилиялық белгілі апталық «Jornal da Comunidade» (қоғамдық газет) газетінің «Қазақстан мерейтойлары» рубрикасында португал тілінде басылып шығарылған «Қазақстан Қазақ хандығының 550-жылдығын неге тойлайды» атты мақаласы мен «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 5 президенттік реформаны жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам белгіледі» арнайы постер қатысушыларға ұсынылды.

 




Яндекс.Метрика