Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан НАТО-мен ынтымақтастық мәселесіне зор маңыз береді

Астанада НАТО-ның Парламенттік Ассамблеясының азаматтық өлшем мен қауіпсіздік комитетінің делегация өкілдерімен кездесуі барысында НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясының аяқталуы тұрғысынан алғандағы Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың шешуші мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР СІМ.
Астана қаласы 26 Маусым, 17:19

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов онда әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған қауіп-қатерлер кезінде  парламентаралық байланыстың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығына зо маңыз беретіндігін атап өткен министр, еліміздің альянқа халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші ретінде қарайтындығын жеткізді. Ал, Ауғанстанды тұрақтандыру Қазақстанның сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі болып қала бермек.

«Астана халықаралық қауымдастықтың бұл елді тұрақтандырып, қайта қалпына келтіру жөніндегі әрекеттерін қолдайтындығын сөзбен емес іспен дәлелдеді»,-деді Е.Ыдырысов.   

Хабарламада кездесу барысында тараптардың бітімгершілік қызмет аясында ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылағандығы айтылады. Министр бұл ретте еліміздің бітімгершілік қызметке қатысты заңның қабылданғандығын атап өтті.

 





Яндекс.Метрика