Үкімет

Ұлттық экономика министрлігі қала, аудан және ауылдық әкімдерді тағайындау мен оларды қызметінен босату тәртібін қайта қарамақ

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі қала, аудан, ауыл әкімдерін тағайындау мен оларды қызметтерінен босату тәртібін өзгертуді көздеп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясынан құрылған Аймақтық саясат және мәслихаттармен жұмыс кеңесінің мәжілісінде айтты.
Астана қаласы26 Маусым , 15:04

«Бүгінгі таңда қала, аудан, ауыл әкімдерін тағайындау мен оларды қызметтерінен босату тәртібін қайта қарау қажет. Осылайша, ҚР Президентінің 2013 жылдың 24-сәуіріндегі «Ауылдық округ құрамына енбейтін аудандық деңгейдегі қала әкімдерін, ауылдық округтердің, ауылдар мен кенттердің әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, төменгі деңгейдегі әкімдерді тиісті ауданның мәслихатының депутаттары сайлайды, ал аудан әкімдері лауазымдарынан облыс әкімінің келісімімен босатылады»,-деді Қ.Өскенбаев.    

Оның сөзінше, Ұлттық экономика министрлігі жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарын зерделей келе, әкімдерді қызметінен босату тетігінің ашықтығын қамтамсыз ету мақсатында тиісті ауданның мәслихаттарының әкімді қызметінен босату туралы ұсыныстарын міндетітті түрде келісу мәселесі енгізілді.    

Вице-министр сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың есептеріне түскен қаржы көлеміне жүргізілген талдау жұмыстары заңмен бекітілген кіріс көздері өте аз және жергілікті жердегі мәселелерді шешуге аз болады. Осылайша, ауылдық әкімдердің құзырындағы есептерге түскен кірістер ол ашылған кезден бастап, Маңғыстау облысын қоспағанда небәрі 85 мың теңгені құрайды.

Осыған байланысты Ұлттық экономика министрлігі жергілікті өзін-өзі басқару тұжырымдамасының екінші кезеңін жүзеге асыру бойынша арнайы заң жобасын дайындап, онда жергілікті атқарушы органдардың қаржылық және экономикалық жағынан еркіндігін қамтамасыз ететін талаптар енгізілген. Сондай-ақ онда ауыл әкімдерінің құзырын кеңейту, әкімдердің тұрғындармен байланысын қамтамасыз ету үшін қоғамдық құрылымдар құру мәселесі қарастырылған.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика