Басқару

Еліміздің дамуы үшін сараптамалық орталық сарапшылар құжатын дайындауда

Еліміздің дамуы үшін мемлекеттік аппаратқа болжамдық-сараптамалық құжаттарды дайындау Ұлт Көшбасшысы кітапғанасының Сараптамалық орталығы жұмысының басты бағыты, деп мәлімдеді «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасының кітапхананасы» ММ директорының орынбасары Тимур Шаймергенов.
Астана қаласы26 Маусым , 14:47

«Біздің жұмысымыздың басты ерекшелігі қолданбалы ғылыми зерттеулер. Жалпы, біз бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейміз. Атап айтар болсақ, геосаясат және аймақтық зерттеу мәселелері. Олардың аясында Ресей, АҚШ, Еуропа одағы елдері, Орталық Азияның заманауи даму теңдениясы зерттеледі. Сонымен қатар, біз ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің кең спекторы бойынша тәуекелдерді бағалау және болжау жұмыстарын жүргіземіз », - деді Т.Шаймергенов ОКҚ-да.

«Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп белсенді жұмыс істеудеміз. Бұл негізі мемлекеттік аппаратқа өз жұмысы барысында сарапшылар бағасын пайдалануға, кітапхана үшін қоғамдық-саяси процестерге қатысуға мүмкіндік береді», - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  Елбасының кітапханасы» ММ Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 2014 жылдың 13 наурызында құрылды. Мекеменің мақсатына Президенттің жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының қызметін жүзеге асыру, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерделеу, Президенттің ойлары мен бастамаларын ел ішінде және шет елдерде ілгерілету жатады.

Тұңғыш Президеениттің жеке мұрағатында 127 мыңға жуық материалдар бар, ондап Елбасының авторлық жұмыстары, видео, аудио- және фото құжаттар.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика