Энергетика саласын дамыту

Қазатомөнеркәсіп басшысы БАӘ-де «Барака» электр стансасына барды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев атом энергриясын бейбіт пайдалану саласындағы халықаралық тәжңірибені үйрену және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы жұмыс сапарымен Біріккен Араб Әмірліктерінде болды, деп хабарлады ұлттық компания.
Әлемде26 Маусым , 16:17

«Қазақстандық компания басшысы Абу-Даби қаласынан 250 шақырым қашықтықта орналасқан, қауіпсіздіктің барлық стандарттарына сай келетін «Барака» атом электр стансасын барып көрді. Асқар Жұмағалиев стратегиялық маңызды нысанды аралап, АЭС құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. Сондай-ақ, араб серіктестері жобаны іске асыру барысында қолданылатын қазіргі заманғы озық технологияларды көрсетті», - делінген хабарламада.

Болашақта электр энергиясының тапшылығына ұшырамау үшін, сондай-ақ қуат қоржынын әртараптандыру және көмір қышқыл газдың ауаны ластауын азайту мақсатында БАӘ үкіметі ядролық энергетиканы пайдалануды жоспарлап отыр. «Барака» АЭС-ның құрылысын оңтүстік кореялық КЕРСО компаниясы басшылығындағы консорциум жүргізуде. Атом стансасы APR-1400 реакторы орнатылатын жалпы қуаты 5,6 МВт-қа тең төрт энергия блогынан тұратын болады. Нысанды кезеңімен пайдалануға беру 2017-2020 жылдарға межеленген.

Сапар барысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев БАӘ Атом энергиясы жөніндегі корпорациясының (ENEC) басқарма төрағасы, Абу-Даби Атқару кеңесінің мүшесі Халдун Халифа әл-Мубаракпен және осы Корпорацияның бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Хаммадимен кездесті. Тараптар атом энергетикасы саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

 




Яндекс.Метрика