Жасыл даму 2050

Қазақстанда парниктік газдардың қалдықтарына болжам жасау мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін үлгі таныстырылды

Қазақстанда энергетикалық сектордағы декорбанизациялау жөніндегі семинар-кеңес барысында алғаш рет экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындар тарапынан ауаға тасталған парниктік газдарға болжам жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін «СALCULATOR» жобасының таныстырылымы өтті.
Астана қаласы26 Маусым , 14:32

«Декорбанизация дегеніміз не – экономикалық өсімді көміртегіден тазарту. Әрине, мәселені бір мезетте шеше салу мүмкін емес, қалдықтардың көлемін азайту бойынша терең құрылымдық техникалық қайта құру қажет. Алайда, Ұлыбритания, Норвегия, Америка Құрама Штаттары сияқты мемлекеттерде қалдықтарды қысқарту бойынша сәтті қабылданған стратегия тәжірибесі бар. «ҚР энергетикалық сектордағы кәсіпорындарды декорбанизациялау» атты семинар-тренинг барысында біз сол үлгілердің бірін қарастырып отырмыз. Ол  «СALCULATOR» деп аталады. Аталған үлгі Еуропада жақсы тәжірибеден өтті. Екі ай бұрын Ресейде оның таныстырылымы өтті»,-деді «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина.

Оның айтуынша, «СALCULATOR» түрлді салалардағы парниктік газдардың қалдықтарына болжам жасап, мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. «Бұдан соң біз аталған бағдарлама бойынша оқытып, үйрету үшін ҚР Энергетика министрлігіне ақыл-кеңестер береміз. Кәсіпорындарда атмомфераға тасталатын қалдықтар саясатын анықтауға мүмкіндік беретін құжаттардың болуы маңызды»,-деді ол.    

Ғалымдардың мәліметтерінше, қазір әлемдегі бастапқы энергиялардың 80 пайызы қазба отыннан алынады, ал ол отындар тұтынылған кезде 34 млрд тоннаға жуық көміртегі диоксидін тастайды. Көмірқышқыл газының атмосфераға ықпалын азайту мақсатында жаһандық және ұлттық экономикаларды декорбанизациялау керек.

Ұйымдастырушылардың сөздерінше, бұл міндетке қол жеткізу оңай емес, әсіресе энергетиканың мұндай ірі бөлігі үшін.   

Естеріңізге сала кетейік,  жақында ғана Германияда өткен G7 саммитінде АҚШ, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия, Канада сияқты дамыған мемлекеттер 21 ғасырдың соңына дейін өз экономикаларын декорбанизациялайтын болып шешті.  

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

 




Яндекс.Метрика