Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Т. Шаймергенов: Елбасы кітапханасы халықаралық сараптамалық қауымдастықпен белсенді ынтымақтастық жүргізуде

Елбасы кітапханасының сараптамалық орталығы бір жарым жыл ішінде халықаралық сараптамалық қауымдастық және институттармен 37 кездесу өткізді, деді ОКҚ брифингінде Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергенов.
Астана қаласы26 Маусым , 14:02

«Біздің жұмыстың басты бағыттары халықаралық ынтымақтастық болып саналады. Біз үздік тәжірибешілер мен шетелдік институттармен жиі кездесулер өткізіп, тәжірибе алмасып, тақырыптарды талдаймыз. Бір жарым жыл ішінде біз жетекші орталықтармен 40 кездесу өткіздік. Оның ішінде АҚШ, Жапония, Қытай, Бельгия, Үндістан, Түркия бар», - деді Т.Шаймергенов.

Оның айтуынша, орталық қоғамдық маңызды мәселелерге үлкен рөл бөледі.

«Конференцияларға, семинарларға, «дөңгелек үстелдерге» және қоғамдық маңызды шараларға қатысуға үлкен көңіл бөлінуде. Жақында кітапхана сарапшылары Жичжао қаласында өткен Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығының III форумына қатысты», - деді ол.

Сондай-ақ, директордың орынбасары атап өткендей, бүгінгі таңда кітапхана қызметкерлері 70 сараптамалық және сарапшылық материалдарды жариялаған.

Анар  Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика