Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Вьетнамда ҚР Конституциясы мен ҚХА-ның 20-жылдықтарына арналған «дөңгелек үстел» өтті

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмахановтың Вьетнам Социалистік Республикасының Ішкі істер вице-министрі Чан Ань Туанмен кездесуі өтті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Әлемде 26 Маусым, 16:48

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласында ынтымақтастықты ілгерілету, сондай-ақ мемлекеттік аппарат жұмысын жетілдіру ісінде тәжірибемен алмасу бойынша тараптардың өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.

Вьетнам тарапы Қазақстанның мемлекеттік қызметінің қазіргі жағдайы мен модернизациясы туралы ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, Вьетнамның Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, сондай-ақ Вьетнамның Ұлттық мемлекеттік басқару академиясы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы араларында тиісті келісімдерге қол қою мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Вьетнам ІІМ-нің қолдауымен Ұлттық мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Конституциясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20-жылдықтарына арналған «дөңгелек үстел» өтті. Оның жұмысына Ұлттық Жиналыстың (Парламент) азшылық ұлттар мәселесі жөніндегі комитеттің мүшелері, Вьетнам ІІМ-ның басшылық етуші қызметкерлері, Ұлттық мемлекеттік басқару академиясының басшылығы мен тыңдаушылары, сондай-ақ ұлтаралық және дінаралық мәселелер бойынша сарапшылар қатысты.

Өзінің сөзінде Б. Жұмаханов еліміздің ұлтаралық келісім және Қазақстан азаматтарының конституциялық құқықтары мәселесіндегі басымды бағыттары, сондай-ақ ҚР Президенті Нұрсұлатн Назарбаевтың «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауы мен 5 институционалдық реформаны іске асыруға бағытталған 100 нақты қадам туралы айтып берді.

«Дөңгелек үстел» барысында Қазақстан Елшілігінің дипломаттары еліміздің құқықтық мемлекет дамуының негізі ретінде Конституцияның басты рөліне және көпұлтты мемлекеттің нағыз тетігі болып келетін Қазақстан Халқы Ассамблеясының нығайтушы мәніне ерекше тоқтады.

Дискуссия кезінде тараптар ұлтаралық қатынастар мәселесіндегі Қазақстан мен Вьетнам Конституциялары нормаларының және екі елдің ұстанымдары мен саясатының ұқсастығын атап өтті, себебі Вьетнам 54 ұлттан тұратын көпұлттық және көпконфессиялық ел болып табылады. Сонымен бірге Конституцияның баптары мен ережелерін мүлтіксіз орынду негізінде қоғамда төзімділік, бейбіт және тұрақтылық сақтау қажеттігін айтты.

«Дөңгелек үстел» қатысушыларына бүгінгі Қазақстан туралы бейнеролик көрсетіліп, Елбасының вьетнам тіліндегі «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» жолдауы таратылды.

Вьетнамның Ішкі істер министрлігі мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын қалыптастыру, мемлекеттік қызметке кадрлар даярлау, дінаралық және ұлтаралық мәселелер, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы сияқты міндеттерге жауапты болып келеді.

 

 

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика