Экология

Парижде Киота хаттамасымен климаттық келісім орнату 2015 жылдың күзінде жүзеге аспақ

Парижде осы жылдың қарашасында өтетін климат бойынша әлемдік саммит аясында Киота хаттамасымен климаттық келісімге отыру көзделуде, деді «Жасыл академия» ғылыми-оқыту орталығының директоры Бақыт Ескина ҚР энергетика саласындағы кәсіпорындардың декарбонизациясы бойынша өткен семинар-тренингте Strategy2050.кz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы26 Маусым , 13:36

«Тренинг ҚР Энергетика министрлігі мен «Жасыл академия» бастамасы бойынша өтуде. Орталықтың негізгі қызметі ҚР Президенті Жарлығымен 2013 жылы мақұлданған ««жасыл экономикаға» өту концепциясын дамыту. 2015 жылдың қарашасында климат бойынша дүниежүзілік саммит өтеді, саммит аясында Киота хаттамасымен климат бойынша келісім орнатылады», - деді ол.

«Климаттық келісім барысында жаһандық ұйым парниктік газ қалдығын азайту бойынша жаңа шаралар қабылдайды. ТМД елдерінде климат шеңбері климаттық комиссия бекіткен нормадан шықпайды. Қазақстан жаһандық үдерістердің қатысушысы ретінде әлемдік келісімдерді талқылауға белсенді араласуда», - деді Б.Есекина.

Сарапшы атап өткендей, қазақстандық күн тәртіпті әлемдік климат саммитіне дайындаған маңызды.

«Қазақстанның стратегиялық мақсаты дамыған 30 елдің қатарына ену. Оған қоса қалдықтардың санын азайту. Қалдықтарды азайту қоршаған ортаны қорғауға келіп саяды. Қазір қалдықтың халық басына шаққандағы үлесі артуда», - деді орталық директоры.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика